4.09.2017, 17:32
Оқылды: 61

Шыңғырлауда ауылшаруашылық тауарлары жәрмеңкесі өтті

 Shingirlau Jarmenke  Шыңғырлау ауданында «Шыңғырлау елі - жері жомарт, елі дархан құт мекен!» деген ұранмен жәрмеңке өткізілді.

   Ақбұлақ, Ащысай және Шыңғырлау округтерінен жеміс-жидектер, бау-бақша дақылдары, сүт өнімдері мен ара балы, тары-талқан, қысқасы, отбасы дастарханына қажетті тауарлар болды.


         Аудан тұрғыны Татьяна Рудь табиғи ара балының 3 түрін саудаға шығарыпты. Бұл іспен өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері айналысатын омарта қожайыны аудан тұрғындарының мұның балының сапасын жақсы білетіндігін және дүкендегі бағадан 200 теңгеге дейін арзандығын тілге тиек етті.

    Жәрмеңкеге мал азығынан тайланған пішен, кесіліп, бөлшектенген отындық ағаш та әкелінуде.

     Бүгінгі таңда қияр келісіне 60 теңге, ірі қара еті 1200, ал қой еті 1000 теңгеден сатылуда.

    Жәрмеңкеге Шыңғырлау, Лубен, Алмаз ауылдық округтері белсенді қатысуда.

    Айта кетейік, ауылшаруашылық тауарлары жәрмеңкесі қыркүйек айының аяғына дейін созылады.

Қаршыға Елемесов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале