18.04.2026, 16:54
Оқылды: 10

Шыңғырлауда «Балдәурен» өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдауға бағытталған «Балдәурен» өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Өнер мен шабытты тоғыстырған бұл мерекелік шара ауданымыздағы дарынды балалардың басын қосып, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.

image-16-04-26-08-05

Фестивальдің басты мақсаты жас таланттарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және өскелең ұрпақты мәдени құндылықтарға баулу болып табылады. Сонымен қатар, балалардың сахналық тәжірибесін шыңдап, өз өнерлерін көпшілікке паш етуіне мүмкіндік беру де байқаудың маңызды міндеттерінің бірі.
Байқау бес аталым бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, эстрадалық вокал (вокалдық топтар: дуэт, трио, квартет, квинтет), хореография, халықтық музыка (домбыра), халық әні мен жыр айту, сондай-ақ көркем сөз жанрлары бойынша қатысушылар өз бақтарын сынады. Фестивалдің іріктеу кезеңінде ауданымыздың түкпір-түкпірінен жиналған 70-тен астам өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Аталған шараға аудан мектептері мен өнер ұжымдарынан 70-тен астам жас өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Балдәурен» фестивалі – бұл тек байқау ғана емес, бұл – балалардың арманын қанаттандыратын, олардың өнерге деген құштарлығын арттыратын үлкен шығармашылық алаң.

image-16-04-26-08-05-2
Марапаттау рәсіміне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімов қатысып, жас өнерпаздарға жүрекжарды лебізін білдірді:
«Бүгін біз шынайы өнердің куәсі болдық. Сахнаға шыққан әрбір бала болашақтың жарқын жұлдызы. Сіздердің талпыныстарыңыз бен еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын. Осындай байқаулар арқылы ұлттық өнеріміз жаңғырып, дамып келеді. Баршаңызға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін», – деп құттықтады.
Фестиваль қорытындысы бойынша әр аталымда үздік өнер көрсеткен қатысушылар анықталып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан таланттар арнайы дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, олардың кәсіби деңгейінің артып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Өнерлі өнерпаздардың ерекше қабілетін танып, қолдап бағалайтын әділқазылар алқасының құрамында «Эстрадалық вокал» жанры бойынша Сайын Әжіғалиев -Халықтық «Арай» ВАА жетекшісі және Мұхит Байғалиев -аудандық Хор ұжымының жетекшісі «Хореография» жанры бойынша - Гүлім Нұрғалиева-Үлгілі «Еркем-ай» би ансамблінің жетекшісі «Халықтық музыка күй» жанры бойынша Нажмеденова Алма - Халықтық «Торыатбас әуендері» фольклорлық ансамблінің жетекшісі және Гулстан Умралиева - Балалар музыка мектебі «Домбыра» класының оқытушысы, «Домбырамен ән салу және жыр айту» жанры бойынша – Аманғали Сатпанов - дәстүрлі ән класының оқытушысы «Көркем сөз» жанры бойынша – Светлана Байтенова аудандық «Серпін» газетінің тілшісі.

Аудан көлемінде ұйымдастырылған өнер фестивалі өз мәресіне жетіп, талантты жастардың өнерін паш еткен жарқын шараға айналды. Бұл фестиваль жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың сахнада еркін өнер көрсетуіне үлкен мүмкіндік берді.
Әсіресе, өз өнерімен ерекшеленіп, І орын иегерлері атанған қатысушылар аудан намысын қорғап, алдағы облыстық кезеңге жолдама алды.
Олар «Эстрадалық вокал» жанры бойынша Аманқызы Інжу, Захарина Аружан,Ақсуат ауылы, ән «Ауылдастарым», Эстрадалық вокал» жанры бойынша квартет Нысанғали Амира, Урангалиева Аружан, Нурболат Альмира, Имаш Инабат. Балалар музыка мектебі, «Қазағым-ай» әні,«Хореография» жанры бойынша Мектептен тыс жұмыс орталығы, «Әсем-ай» би тобы «Сүгірдің термесі» рухты би, жетекшісі Айдана Оразғалиева,​«Халықтық музыка күй» жанры бойынша ​Сақтар Мақсат, Балалар музыка мектебі, Қ.Ахмедияров «Қуаныш» жетекшісі Салтанат Киреева,«Домбырамен ән салу және жыр айту» жанры бойынша Боранбаев Нұрислам Балалар музыка мектебі, Мұхиттың әні «Көк айдай», Мерей Рақымжанова Балалар музыка мектебі, Махамбеттің термесі «Сырым батыр» жыры жетекшісі Амангали Сатпанов,«Көркем сөз» жанры бойынша Гүлім Қуатова Қарағаш ауылы М.Жақсылықов «Байғұс бала» жетекшісі Айдана Меңдібаева.

image-16-04-26-08-05-3

Бұл жеңімпаздар енді облыстық байқауда өз шеберліктерін шыңдап, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік алады.
«Балдәурен» фестивалі жас буынның шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың өнерге деген қызығушылығын оятатын, ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін маңызды рухани шара ретінде есте қалды.

Сара Адилова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале