18.01.2024, 15:15
Оқылды: 52

Шыңғырлауда бейнебақылау камералары орнатылды

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жол жүру ережелерінің бақылауда ұсталғаны жөн-ақ. Әсіресе, тас жол жасалғалы көшеде көліктер жарыса бастағаны шындық. Осындайда, шіркін-ай осылардың аяғына тұсау болар қандай амал бар екен дейсің. Өйткені, көшені жағалап ойнамайтын бала жоқ, қате деген аяқ астында.

камера

Шыңғырлау ауданы орталығында бұған дейін 10 бейнебақылау камерасы жұмыс жасап тұрған болатын. Жаңа жыл қарсаңында қосымша 10 бейнебақылау камерасы И.Тайманов пен С.Датұлы көшесінің қиылысында, Л.Қылышев көшесі, жаңадан пайдалануға берілген үш қабатты тұрғын үй маңына, Шыңғырлаудың кіре берісіне, Ғ.Мұратбаев пен М.Қуантаев, Д.Бесчасов пен М.Қуантаев, Г.Шевцов пен Л.Қылышев көшелерінің қиылысына, «Болашақ», «Бөбек» балабақшаларының маңына, астық қабылдау кәсіпорны аумағына орнатылды. Бейнебақылау камераларын «СКУД-Монтаж» ЖШС-нің мердігері А.Кабулов орнатты.

418841645_1580572596087873_887759794322262750_n

Бұл бейнебақылау камералары аудандық ішкі істер бөлімі арқылы қадағаланып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізбек.

 

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале