23.05.2024, 11:15
Оқылды: 1

Шыңғырлауда бокстан қалааралық турнир басталды

Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Социалистік Еңбек ері Манат Бақытұлы Ержановты еске алуға және «Жарас» шаруа қожалығының жүлдесіне арналған бокстан дәстүрлі қалааралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

чингирлау бокс (1)

Бұл додаға Ақтөбе, Орал қалаларынан, аудандар мен ауылдық округтерден жалпы 12 команда, 120-ға жуық спортшы келіп, бақ сынап жатыр.

чингирлау бокс (2)

Төрт күнге созылатын турнирдің ашылуында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

чингирлау бокс (5)

Турнирдің бас төрешісі, бокстан білікті жаттықтырушы, ауданның құрметті азаматы Александр Ильич те сөз сөйлеп, алғысы мен тілегін жеткізді. Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан тартысты жарыс 24 мамыр мәресіне жетеді.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

чингирлау бокс (3) чингирлау бокс (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале