18.12.2019, 17:24
Оқылды: 102

Шыңғырлауда бокстан қалааралық турнир өтті

Шыңғырлау ауданы орталығында  жасөспірімдер арасында жеке кәсіпкер Рамзан Камзаевтың жүлдесі үшін бокстан қалааралық турнир ұйымдастырылды. 

serpin sport (3)

Бұл турнирге Орал қаласы, Бәйтерек және Бөрлі аудандарының командаларымен қатар, Ақтөбе қаласынан, көршілес  Ресей елінен келген жас боксшылар және Шыңғырлау ауданының құрама командасы қатынасты. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев және спорт ардагерлері қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

serpin sport (1)

Айта кетелік, былғары қолғап сайысы тартысты да қызықты өтті. Турнирдің жабылу салтанатында аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов спортшыларды жеңістерімен құттықтап, жас боксшыларды марапаттады. Тоғыз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған боксшылардың ең мықтыларына бағалы сыйлықтар ұсынылса, бірінші орын алғандарға арнайы белдіктермен, медальдар табысталды.

Иә, жас спортшылардың тәжірибе жинауына мүмкіндік беретін осындай спорттық шаралардың маңызы зор. Бұған қоса салауатты өмір салтын насихаттауға кәсіпкерлеріміз де өз үлестерін қосып жүрсе құба-құп.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале