14.06.2024, 10:45
Оқылды: 443

Шыңғырлауда демалыс лагерінің бірінші маусымы басталды

Шыңғырлауда аудандық «Арай» жазғы демалыс лагерінің І ауысымының ашылу салтанаты өтті.

71BB6D58-EE4D-4FB4-B058-75A908C6666D

Бұл лагерь талай жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жыл сайын ауыл балаларының жазғы демалысының тиімді, қызықты, есте қаларлықтай болып өтуін қамтамасыз ететін «Арай» бүлдіршіндердің жаз шықса сағына, асыға жететін демалыс орнына айналды. Лагерь бір аптадан тұратын бірнеше ауысымға созылады.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндердің дайындаған мерекелік бағдарламасын тамашалады. Ауданымыздың әр ауылынан жиналған балалар әуелете ән шырқап, шаттана би биледі. Шарада үлестірілген тәттілермен қатар аудан кәсіпкерлері Дәурен Төлегенов, Ақмарал Исанованың демеушілік көрсетіп, арнайы жіберген дәмдері балалардың көңіл күйін тағы бір көтерді.

94396B50-97FB-439B-B85F-36734093D9CC

Аудан әкімі лагерь ішін аралап, жай-күйімен танысып шықты. Балалардың алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған. Жатын, жуынатын, ойын бөлмелері, асханасы толық жабдықталған және қолайлы жағдайға қажеттінің барлығы бар. Шомылатын бассейн де қарастырылған.

Aудандық лагерь санитарлық нормалардың, белгіленген талаптардың сақталуына байланысты облыс бойынша жауапты органдардан ең бірінші болып рұқсат алған. Тәрбиешілері – өте жауапты, мұқият. Балаларды күн тәртібі бойынша бақылап, қадағалап отырады.

89D4AFBC-2E57-4814-A4F9-4ECF0A54F869

Әрбір күннің ерекше, қызықты өтуі үшін, түрлі ойындар, сайыстар, спорттық, мәдени шаралар ұйымдастырылады. Осының барлығын назарға ала келе, кез келген ата-ана балаларын алаңсыз демалысқа жібере алады.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале