30.11.2020, 18:43
Оқылды: 61

Шыңғырлауда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында аудандық «Nur Otan» партиясының ғимаратында аудан әкімі бір топ медицина саласының қызметкерлерін қабылдады.

IMG_6044

Аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова адам денсаулығын сақтау және қорғау жолында адалдықпен жұмыс істеп келе жатқан, ұлт саулығын өз алдарындағы басты мақсат санайтын денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегіне үлкен баға берді.

- Елімізде орын алған індет кезінде де дәрігерлер алдыңғы шептен табылып, тұрғындардың дертті жеңуіне көмек берді. Сала қызметкерлері алда да өздерінің кәсіби біліктілігін көрсетіп, Гиппократ антына адалдықтарын әрдайым дәлелдейтініне сенімдімін, - деді аудан басшысы Әлия Биғазықызы өз құттықтауында.

IMG_6038

Марапатталғандар қатарында аудандық ауруханада көп жыл қызмет етіп келе жатқан Акима Уразалина, Гүлнар Оразбаева, Сауле Усманғалиева, Айнагүл Нұрманова, Гүлсім Елеуова, Татьяна Набокина және Динара Тауова бар.

Сондай-ақ, «Nur Otan»  партиясының  Шыңғырлау  аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова партия қатарына қосылған жаңа нұротандықтарды да құттықтап, партия билеттерін табыс етті.

Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале