7.12.2020, 11:43
Оқылды: 68

Шыңғырлауда діни ахуал бойынша отырыс өтті

Жуырда аудан әкімдігі жанындағы дін істері жөніндегі кеңесте қоғамдағы рухани келісім мәселелері жөніндегі отырыс өтті. Кеңесте аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталығының теолог маманы М.Ғұбайдуллин аудан бойынша діни ахуал жөнінде, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы есеп берді.

IMG_5901

- Рухани келісім – бұл әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың және халықтың бірлігін нығайтудың бірден-бір жолы. Біз ынтымағы мен татулығы жарасқан берекелі мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің қоғам әрқашанда татулық пен бірлік деген кезде жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілігін сақтап, бір-бірі үшін қолынан келгенін жасап, татулықта өмір сүріп жатыр. Қазіргі әлемде дінаралық татулықты сақтау – ең өзекті мәселелердің бірі.

Дінаралық достықты, келісім мен татулықты сақтау үшін ел болып жұмылып, тұрақты әрі сенімді тынымсыз еңбек атқаруылы қажет. Сонда ғана Қазақстанда етене өмір сүретін сан алуан ұлт және конфессия өкілдері қуатты әрі мықты күшке ие бола алады, - дейді М.Ғұбайдуллин.

Теолог маман аудан бойынша дәстүрлі емес діни ұстанушы тұлғалар қадағаланып, қатаң бақылауға алынғандығын және мұндай бағыттағы адамдармен жекелеген әңгімелесулер өткізіліп жатқандығына да тоқталып өтті.

 

                                                                                            Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале