20.12.2023, 12:15
Оқылды: 12

Шыңғырлауда донорлар қан тапсырды

Шыңғырлау ауданына жыл сайын облыстық қан орталығынан мамандар келіп, «Донор күнін» өткізеді.

жп донор (1)

Аудан бойынша донор болуға ниет білдірген жеке тұлғалардан қан алынады. Биыл екінші рет Алтыншаш Дюсембиева бастаған дәрігерлер бригадасы, жалпы 9 маман келіп, донорларды қабылдады. Әр қызметкер өзіне жүктелген міндетті тиянақты орындап, жүйелі түрде жұмыс атқарды. Қан тапсырған 54 донордың, кейінгі жағдайын дәрігерлер қадағалап, жіті бақылап отырды. Екі жақты пайдасы бар осындай жұмысқа ат салысатын еріктілердің саны жыл санап көбейіп келеді.

жп донор (2)

Медицина саласында қан доноры болу көптеп тараған. 18 жастан асқан, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген дені сау адам донор бола алады. Донорлардың қандай да бір дертке шалдықпаған, яғни, дәрілік заттарды тұтынбайтын болуы және ішімдік, шылым сынды зиянды заттардан аулақ болуы  шарт.

жп донор (3)

 Әсіресе қан құрамындағы гемоглобиннің мөлшері 120г/л-ден, салмағы 50 келіден төмен болмауы керек. Қан тапсырушының медициналық тексеру мен дәрігердің қабылдауынан өткен соң донорлыққа жарамдылығы анықталады.

 

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале