14.05.2021, 17:54
Оқылды: 113

Шыңғырлауда егін егу науқаны қарқын алды

Биыл Шыңғырлау ауданында кезек күттірмейтін егін егу науқаны үлкен жауапкершілікпен өтуде. Науқан басталар алды барлық ауылдық округ әкімдері жергілікті шаруа құрылымдарының басшыларымен біріге отырып, жұмысты жүйелі түрде жоспарланған болатын.

шы1

Көктемгі далалық жұмыстары жоспарына орай, биыл 4 мың 333 гектар алқапқа дәнді дақыл, соның ішінде жаздық бидай – 1249 гектар, ал арпа – 464 гектарға себілуі тиіс болатын. Негізінен, биыл көктемде – 11 мың 391 гектар егіс алқабына дән себіледі деп жоспарланған еді.

Сонымен қатар, өткен жылдары себілген 22 мың 509 гектар көпжылдық шөптер мен 2020 жылдың күзінде себілген 2 мың 620 гектар күздік дақылдарды есепке алғанда ауданның егістік алқабы биылғы науқанда 36 мың 520 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын айтар болсақ, ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде тракторларды, егіс және топырақ өңдеу техникаларын жөндеу жұмыстары ойдағыдай атқарылды.

Бүгінгі таңда ауданның шаруа құрылымдарының жеке қарамағында әртүрлі маркалы 531 дана трактор бар.

Соның ішінде, шынжырлы табанды – 36 трактор, К-700, 701 – 15 трактор, соқаның саны – 41, тұқым дән сепкіш – 131, бүріккіш – 2, сондай-ақ, комбайн – 34. Жан-жақты және тиянақты әзірліктің нәтижесінде егін даласына шығатын техникалардың дайындығы – 95 пайыз. Демек, егін егу жұмыстары еш қиындықсыз өтетініне шаруа жандардың сенімі мол.

Науқан басталғалы бері 1316 гектарға жаздық дәнді дақыл, оның ішінде жаздық бидай – 816 гектарға, арпа – 500 гектарға себілді. Майлы дақылдардан мақсары 2461 гектарға, мал азығы үшін көп жылдық шөп 790 гектар танапқа егілді.

«Жаңа жер», «Мезинов», «Жігер» шаруа қожалықтары өз иеліктеріндегі жерге жаздық бидай және арпа сеуіп бастаса, ал «Жарас», «Намиев.М», «Сапашев», «Жігер», «Жақып», «Қарабұлақ», «Жаңа жер» шаруа қожалықтары және «Жіңішке» ӨК-і мақсары егуде. Көп жылдық шөп егу жұмысын «Ақсоғым», «Жігер» шаруа қожалықтары үлкен қарқынмен атқаруда.

А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале