27.07.2020, 10:33
Оқылды: 49

Шыңғырлауда егіс науқаны қызып тұр 

      Аптап ыстық жер мен көкті қуырғанымен далалық жұмыстар тоқталыс табуға тиіс емес. Жаздың әрбір ашық күні шаруа адамына қолайлы. Шыңғырлау ауданындағы шаруа құрылымдары биылғы бітік шыққан шөпті шауып, қыстақ басына тасуды одан әрмен жалғастырып жатса, пісіп тұрған егіске орақ түскелі де біраз уақыт болды.

9F172B46-0FCD-45B7-9685-8441C6221891

Жыл сайын ұтымды ұйымдастыру, тыңғылықты еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан «Жаңа жер» шаруа қожалығы да әп дегеннен астық жинау науқанын қызу бастады. Биылғы жылы бұл шаруашылық 1383 га жерге күздік бидай, 316 га жаздық бидай, 640 га жерге арпа еккен болатын. Ұтымды агротехникалық шараларды қатаң сақтау нәтижесінде дала төсіндегі жайқала шыққан өнім көз қуантады. Шаруа қожалығының жетекшісі Ә.Талдыбаев астық жинау науқанын мезгілімен әрі жинақы аяқтауға толық негіз бар екенін айтады. Шаруа адамына барлық жағдай жасалған, ас-суы жеткілікті, қосалқы бөлшектерге тап бір сұраныс жоқ. Жуырда осы шаруашылық қосынында болған аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Р.Еслямов пен жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Нурушев бүгінгі таңдағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысып, көңілдері толып қайтты.

                                                Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале