14.01.2021, 14:41
Оқылды: 136

Шыңғырлауда есептік кездесулер басталды

Шыңғырлау ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары басталды. Қаңтардың 13-інде Сегізсай, Ақсуат, Қайыңды, Ұрысай және Қызылкөл секілді шағын елді мекендерден басталған есептік кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары Д.Абдрашитов пен А.Бисембаев қатысты. Аталмыш ауылдық округтердің әкімдері өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, тұрғындар алдында есеп берді. Кездесулерге ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары, еңбек ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 IMG_0548

Сегізсай ауылында өткен жиында Алмаз ауылдық округінің әкімі Сағындық Қалниязов өткен жылғы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, 2021 жылға арналған негізгі міндеттер туралы баяндады.

Жалпы округ бойынша 23 шаруа қожалығы, 1 ЖШС және 2 ауылдық тұтыну коорперавиві тіркелген. Қысқы мал азығын дайындау жоғары деңгейде жүргізіліп, бекітілген жоспар 110 пайызға орындалған.

Округ әкімінің баяндамасынан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов ауыл тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтап, еліміздегі басты саяси науқан – сайлауға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Жыл бойына аудан көлемінде тындырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алға қойылған нақты міндеттермен бөлісті.

IMG_0534

Сегізсай ауылынан бастау алған есептік кездесу Қарағаш ауылдық округіне қарасты  Ақсуат ауылында жалғасты. Қарағаш ауылдық округінің әкімі Еділ Бекжанов өз баяндамасында әр салаға кеңінен тоқталды.

Округ әкімінен кейін учаскелік полиция инспекторы Бекежан Елесбаев да қоғамдық тәртіп туралы қысқаша баяндады. Соның ішінде Ақсуат ауылы бойынша жағдай тұрақты, өткен жылы еш қылмыс тіркелмегенін айтып өтті.

Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкімінің орынбасарына, тиісті мекеме басшыларына сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.

Шыңғырлау ауылдық округінің Ұрысай ауылында өткен есептік кездесуде округ әкімі Ғұсман Жұмағазиев округ бойынша 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы  баяндап, өткен жылдың табысты аяқталғандығын жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласында мал басы өсіп, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде несие алушылырдың қатары көбейді.

Дәл осындай есептік кездесу Қызылкөл ауылында да өтіп, округ әкімі әр салаға кеңінен тоқталып өтті. Округ көлемінде жүзеге асатын жұмыстармен қатар, Ұрысай мен Қызылкөл елді мекендерін жарықтандырылуын аяқтау, Ұрысай ауылына су ұңғымасын қазу, Қызылкөл ауылына бөгет салу секілді жоспарымен бөлісті.

Бұл елді мекеннің тұрғындары да мал жайылымының көлемін кеңейту, егін еккен шаруа қожалықтары электронды бақташы орнату мәселесін көтерумен қатар, басшыларға шынайы алғыстарын да жеткізді.

Қос ауылдың жиынына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев аудан бойынша 100 пайыз көгілдір отынмен, 92 пайыз таза ауыз сумен, жаңа асфальтті жолдардың қатары көбейіп, жаңа нысандар ашылып жатқандығын тілге тиек етті.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале