18.03.2022, 18:46
Оқылды: 79

Шыңғырлауда көпбалалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес көп балалы ана Үміт Нұрмұханова мен Жұлдыз Бекееваға «Күміс алқа» табыстады.

IMG-20220318-WA0181

Әлия Биғазықызы қос ананы марапаттарымен шын жүректен құттықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің демографиясын өсіруге өлшеусіз қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде алқа иегерлері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале