30.12.2020, 9:39
Оқылды: 100

Шыңғырлауда күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі жұмысын бастады

Жаңа 2021 жыл қарсаңында Шыңғырлау ауданы көлемінде көптеген жұмыстар атқарылып, игі істердің қатары көбеюде. Шалғай ауылдарға таза ауыз су жеткізіліп, ұялы байланыс орнатылды. Енді міне Шыңғырлау ауылдық мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтті.

 IMG_9178

Мәдени ошақтың жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 113 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. 2020 жыл мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарын «Жиенбай»ЖШС-і жүргізді. Заман талабына сай жөнделген мәдениет үйінде өнерпаздармен қатар, өз-өзіне қызмет көрсету бөлімі, караоке алаңы, медиаалаң, еркін алаң, қолөнер мен өнер бөлімі секілді 6 алаңға бөлінген «Комьюнити орталығы», ұлттық мәдени бірлестіктер, халықтық «Шаңырақ» театры және 15 мыңға жуық кітап қоры бар кітапхана ауыл тұрғындарына қызмет етпек.

IMG_9159 (1)

Жөндеуден өткен ғимараттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан тұрғындарын заман талабына сай қайта жөндеуден өткен нысанның ашылу салтанатымен және жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Ауданның құрметті азаматы Сабырғали Самиев тамаша рухани орынға, сонымен қатар ауданымызда атқарылып жатырған өзге де игі істерге ауылдастары атынан шынайы алғысын білдірсе, жобаның бас мердігері «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Батырғали Иманғалиев шыңғырлаулықтарды мерекемен құттықтады.

IMG_9181

Мәдениет үйінің ашылу лентасын ауданның құрметті азаматы Алғали Тасмағамбетов пен аудан әкімі салтанатты түрде қиып, жиналған халық мәдениет үйін аралады.

Салтанатты қуаныш ауыл өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Шара соңында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына және ұлтаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосып жүрген ұлттық бірлестіктерді облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің алғыс хаттарымен марапаттады.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале