18.06.2021, 20:21
Оқылды: 141

Шыңғырлауда медицина қызметкерлері марапатталды

Атақты неміс философы Артур Шопенгауэр «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деп айтып кеткен екен. Халық арасында да «Басты байлық - денсаулық» деп бекер айтылмаған. Сәл сырқаттана қалсақ, басымыз сынып, жанымызды қоярға жер таппаған сәтте барып көмек сұрайтын жалғыз мекеме – аурухана. Осындайда тәннің де, жанның да ауруына дауа іздеп, көмек қолын созуға әзір тұратын ақ халатты абзал жандардың еңбегін атап өтпеске болмайды.

E77D4686-6D92-4860-B93A-01CCD332C9F7

Осы орайда Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне орай өткен шарада аудан әкімі Әлия Биғазықызы барша жиналған қауымды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, жұмыстарына табыс, қажымас қайрат тіледі.

Еңбегімен еленген, қызметімен көзге түскен мамандар аудан әкімінің, аудандық аурухана директоры және кәсіподақ комитетінің атынан алғысхаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале