16.03.2023, 17:16
Оқылды: 47

Шыңғырлауда облыстық семинар өтті

Шыңғырлау колледжінде «Демоемтихан – тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық түрі» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 15.09.33

Worldskills құзыреттілік орталығында орнатылған заманауи жабдықтармен таныстыру, демонстрациялық емтихан өткізу туралы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісуді мақсат тұтқан
семинарға облыстағы барлық колледждің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Шыңғырлау колледжінің директоры С.Жұмағұлов пен облыстық
білім беруді дамыту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Р.Қуаншалиева семинардың ашылуымен құттықтап, басты мақсаттарына тоқталды.

Семинардің «Іс-тәжірибемен бөлісу» бөлімінде «Аспаз ісі», «Кондитер ісі» құзыреттіліктері бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан өткізудің ерекшеліктері», «Демонстрациялық емтихан кәсіптік - техникалық мамандарды даярлаудың заманауи жолдары» және «Демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін
қорытынды нысаны» секілді маңызы жоғары, колледж жұмысында қажетті баяндамалар талқыланды.

Ал келесі кезеңдерінде тәжірибе алмасып, шеберлік сағаттары, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале