9.01.2020, 16:07
Оқылды: 29

Шыңғырлауда өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған 294 факт тіркелген

Шыңғырлау ауданында төтенше жағдайлар бөлімі мен №23 өрт сөндіру бекетінің өткен жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылауға арналған жиын өтті.

IMG_6125

Оған БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев және БҚО өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назарали Селимов қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Бейсен төрағалық еткен жиында күн тәртібіне сай, Шыңғырлау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Дулат Есенов пен №23 өрт сөндіру бекетінің бастығы Данат Наурызғалиев тақырыптық баяндама жасап, қол жеткен жетістіктер мен орын алған олқылықтарды саралады. Бір қуанарлығы былтыр өрт пен суға кеткен адам өлімі тіркелмеген. Тек 294 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі анықталып, 55 іс бойынша айыптылар әкімшілік жауапқа тартылған. Соның ішінде: заңды тұлғаға 23, лауазымды тұлғаға 24, жеке тұлғаларға 8 әкімшілік іс толтырылыпты.

IMG_6120

Жиын соңында Жасұлан Жұмашев сөз алып, облыстағы төтенше жағдайлар жайына тоқталып, республика бойынша өңірімізде оқыс оқиға мен адам өлімі көрсеткіші төмен екендігін жеткізді.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале