3.06.2021, 12:10
Оқылды: 110

Шыңғырлауда өзекті мәселелер талқыланды

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті. Аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова жүргізген жиынға "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Давлетжанов және аудандық ауыл шаруашылығы саласының мамандары, шаруа қожалығы өкілдері қатысты.

 ш2

Жиынның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге көшпес бұрын аудан әкімі Әлия Биғазықызы ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген Ақтау, Ащысай ауылдарының тұрғындары Рамазан Акулов пен Уали Айсиевті «Ауыл шаруашылығы саласының құрметті ардагері» медалімен марапаттады.

ш1

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев ауданның ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы кеңінен баяндаса, "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Медхатұлы аталмыш қоғамдық бірлестіктің жұмысына, көздеген мақсатына тоқталып өтті.

 ш33

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале