8.04.2020, 17:47
Оқылды: 79

Шыңғырлауда партиялық бақылау комиссиясының мүшелері азық-түлік бағасын бақылауға алды

Бүгінгі таңда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған орай ауданымызда да бірқатар шектеулер қойылып отыр. Осы белгіленген талап үдесінен аудан орталығындағы сауда нүктелері қалай шығуда, осы сұраққа жауап іздеп, «Nur Otan» партиясының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері арнайы рейд жүргізді.

22417B5B-0361-45CC-9891-FB932A26E29A

Бақылау шараларына партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Айбек Сұлтанов, партиялық комиссия және мониторинг топ мүшелері қатысып, аудан орталығында орналасқан сауда орындарын аралап, шектеулерді сақтау жағдайына, азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына  мониторинг жүргізді. Рейд барысында алдымен сатушылардың жұмыс уақытында бетперде мен бірреттік қолғапты қолданулары мен қолды залалсыздандыруға арналған антисептиктердің пайдаланылуына назар аударды. Барлық сақтық шаралары тұрғындарымыздың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқандығы тағы бір мәрте айтыла келе, қайсыбір сауда нүктелеріне ескерту жасалды. 

A34DD5AC-9383-4766-B283-679F55DBDC0F

Бақылау барысында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының кейбір сауда орындарында көтерілгені анықталды. Дүкен иелері көтерме сауда орындарындағы бағаның қымбаттауына байланысты ауданда да осындай ахуал қалыптасып отырғанын жеткізді. Бақылау комиссиясының мүшелері аудандағы бағаның бір жүйеге келтірілуі қажеттігіне назар аударды. Сауда нүктелерінде бұл күні партиялық бақылау комиссиясы жүргізген шараларға тұрғындар да ризашылықтарын білдіріп, басты-басты азық-түлік тауарларына баға қолжетімді болса деген тілектерін қосты. 

79C402BE-A7A6-4BA3-A645-BBCB0B2A1BAA

 Бүгінгі таңда облыстық тұрақтандыру қоры арқылы ауданымызға 20 тонна 50 келілік бірінші сұрыпты ұн  6 200 теңгеден әкелініп, сатылуда. Бұған қоса 1,5 тонна сұйық май, 10 тонна қант, 500 кг макарон өнімдері әкелініп, арзан бағамен ұсынылуда. Алдағы уақытта да партиялық бақылау комиссиясы бағаның негісіз өспеуін, қазіргі таңда қат болып отырған қайсыбір тұрмыстық заттардың жеткілікті болуын бақылауда ұстамақ.

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале