11.11.2021, 17:40
Оқылды: 15

Шыңғырлауда республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданы орталығында «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Қыс мезгілінде төтенше жағдайлармен «күресетін» және жоюға жауапты азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығы мен қабілетінің деңгейін арттыру, аудандық азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға ден қоюға әзірлігін тексеру әрі қадағалау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға ауданның барлық дерлік азаматтық қорғау қызметтері қатысты.

11

Ең алдымен оқу-жаттығу басшысының орынбасары – Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов саптық тексеріс жүргізіп, тиісті сала мамандары мен арнайы техникалардың төтенше жағдай кезінде әрекет ете білуін пысықтады.

8

9

13

Кейін Шыңғырлау аудандық аурухана ғимаратының жылыту қазандығы орналасқан ғимаратында өрт сөндіру, Шыңғырлау ауданына кіре беріс жолда автокөліктердің кептелісінен шығару секілді жаттығулар жүргізілді.

14

Барлық шара барысында азаматтық қорғау құрылымдары тиісті алгоритмге сәйкес жұмыстарын жүзеге асырды.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале