13.05.2021, 19:38
Оқылды: 121

Шыңғырлауда «Рухани  жаңғыру» кеңсесінің ашылу салтанаты өтті

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Туған жер» тұжырымдамасы қабылданған болатын. Осы орайда халық бойындағы патриотизмді қалыптастыруда, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыруда маңызды рөл атқаратын маңызды шаралар өтуде.

р4

Соның бірі – «Туған жерді айрықша құрметтеу – шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі» тақырыбындағы ауданымызда рухани жаңғыру кеңсесі ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Кеңсенің басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған кеңседе жиналып, ауданымыздағы мәселелерді талқылау.

Кеңсенің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы М.Бекжанов, «Кәусар бұлақ» бағдарламасының авторы Адақ Шотпанұлы, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тілеген Калиев, жас кәсіпкер Ұлан Таланұлы, мәдени-демалыс орталығының директорының орынбасары Айбек Абаков, сонымен қатар бағдарлама менеджерлері қатысты.

Шара басталмастан бұрын Азамат Тәңірбергенұлы мен М.Бекжанов лента қию рәсімін жасады.

р3

Аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуына өз үлесін қосқаны үшін кеңсе менеджері Марал Серікқалиқызына Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатын табыстап, барша жиналған қауымды кеңсенің ашылуымен құттықтады.

р1

Өз кезегінде жиынға шақырылған қонақтар өз баяндамаларын оқып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты бойынша мәселелер көтерді. Ортаға салынған мәселелердің шешім жолдары қарастырылды.

Аталмыш кеңседе аудандағы атқарылар жұмыстар сараланып, басқа да жоспарлар қолға алынды.

 

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале