31.01.2024, 22:19
Оқылды: 45

Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясы жастармен жүздесті

Жылда ақпан айының бірінші бейсенбісі – Дүниежүзілік Сайлау күні. Осыған орай Шыңғырлау ауданында сайлаудың маңызын түсіндіру, сайлау комиссияларының жұмысымен таныстыру, маңызды шараларда белсенділік танытуға шақыру мақсатында жастармен кездесті.

423583236_1804990889912671_8033749298260186296_n

Аудандық аумақтық Сайлау комиссиясы Шыңғырлау колледжі жастарымен кездесу өткізіп, комиссия төрағасы Нұрлыбек Қалиев баяндама жасап өтті. Ол жастарға сайлау бойынша тың ақпараттар беріп, осы уақытқа дейін сайлау комиссияларының республика көлемінде және аудан бойынша атқарған маңызды жұмыстарымен таныстырып шықты. Сондай-ақ, 3-наурызда өтетін ауданымыздың Ардақ, Шыңғырлау ауылдық округ әкімдерінің сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

423312869_1804990913246002_6106418543251415978_n

- Сайлау – әр адамның еркіндігі, құқығы. Ол елдің дамуының, өркендеуінің кепілі. Демократиялық қоғамның кез- келген саналы азаматы өзінің сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы керек. Мемлекеттің дамуы жолындағы әрбір шараға қатысып, белсенділік таныту – бәріміздің азаматтық парызымыз. Тұғыры берік, мықты мемлекет болу өзіміздің қолымызда. Сондықтан, баршамыз бірлесе жүріп, ел игілігі үшін қызмет етейік, - деп Нұрлыбек Қалиев сөзін түйіндеді.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале