7.03.2024, 0:00
Оқылды: 13

Шыңғырлауда сенбіліктер жиі өтеді

Су басу – болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін қауіпті табиғи құбылыс. Ол ауа райы температурасының кенет көтерілуі, қардың қарқынды еруі, нөсер жаңбыр, қума жел, мұздың кептелуі және  өзен, көлдегі судың көтерілуі нәтижесінде бірталай жер су астында қалуы.

WhatsApp Image 2024-03-06 at 13.27.43

Су тасқыны мен су басудың қауіпті факторлары: тұрғын үйлер мен ғимараттардың, көпірлердің қирауы, темір жолдары мен автомобиль жолдарын су шайып кетуі, инженерлік жүйелердегі авариялар, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келуі мүмкін.

WhatsApp Image 2024-03-06 at 14.09.35 (1)

Үш апта бойы Шыңғырлау ауданы орталығындағы көшелерден қар шығару жұмыстары жүргізіліп, арықтар мен су өткелдері тазалануда. Апта сайын мекеме қызметкерлері сенбіліктерге жұмылдырылып, аудан аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале