21.09.2021, 9:32
Оқылды: 183

Шыңғырлауда шөп төсегі қалың 

Шөбі шүйгін Шыңғырлау ауданы бойынша шабындық жер көлемі 40383 гектарды құрайды. 

 1

Биыл жылдағыдан гөрі Алмаз, Ақбұлақ, Ақшат және Қарағаш маңындағы шөп шығымдылығы ерекше болды. Мал азығын дайындауда жеке қожалықтармен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де белсенді іс-қимыл танытуда. Қазірдің өзінде алдағы қысқа қажетті 93178 тонна шөп жоспары 94711 тонна болып орындалып отыр. Мұның сыртында былтырғыдан қалған 11 006 тонна мал азығы бар.

Айта кетелік, шабындыққа орақ салған күннен бері «Усмангалиев», «Бауырым», «Байқатов», «Ақтау», «Бекманов», «Жомарт» және «Нұрсұлтан» шаруа қожалықтары уақытпен санаспай, аптап ыстықтың астында ерен еңбектің үлгісін көрсете білді. Жалпы, ауданымызда маазығын дайындауға 267 трактор, 133 маялағыш (стогомет), 112 шөп жинағыш (пресс-подборщик) және 190 орақ пен тырма қатысуда.

Сондай-ақ біздің аудан бойынша 1720 мал ұстайтын аула болса, олар да қажетті шөппен толықтай қамтылды. Мал азығының құны орынсыз қымбаттамауын аудан әкімі Әлия Биғазықызының өзі бақылауда ұстап, ауылдық округ әкімдерінен де соны талап етті. Тек өнімнің түсіміне байланысты ғана шөп бағасы (бір бума) округтерде түрліше болғанын жасыруға болмас. Мұны ауыл адамдары да түсіністікпен қабылдады.

Осы ретте айта кетер бір жайт, көрші облыстарда қалыптасқан қиын жағдайға байланысты 1360 орама Маңғыстауға, 200 орама Атырауға және 950 орама өз облысымыздың кейбір аудандарына жіберілді.

Бұған қоса, жекелеген шаруа қожалықтарының өз бастамасымен Маңғыстау облысына көмекке тегін берілген 76 орама және арзан бағамен жіберілген 4900 бума шөп   тағы бар. Шаруа адамдарының көпке көмегі тек мұнымен ғана шектелмейді. Мәселен, «Жаңа жер» (А.Талдыбаев), «Нұрсұлтан» (С.Қабақов) және «Бекманов» (Н.Бекманов) секілді шаруа қожалықтары анада екі ірі қара малын сойып, мұқтаж отбасыларға үлестірсе, «Гефест» шаруа қожалығы да (А.Рудь) сондайжерлестерімізге 1500 келідей көкөніс пен бақша өнімдерін тегін таратты.

 

Рүстем Еслямов,

Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале