28.12.2023, 20:00
Оқылды: 38

Шыңғырлауда спорт саңлақтары марапатталды

Шыңғырлау ауданында «Жыл қорытындысы – 2023» — жылдың үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті.

спорт бал5

Биылғы жылды қорытындылай келе, аудан спортының дамуына елеулі үлес қосқан мамандар, сала ардагерлері мен демеушілер марапатталды.

спорт бал2

Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, үздіктерге марапаттарын табыстады. Адал қызмет етіп, қажырлы еңбегімен ұлттық спортты дамытып жүрген бірқатар спорт саласының үздіктері аудан әкімінің алғысхаттарымен марапатталды.

спорт бал1

Александр Пятин «Үздік зейнеткер спортшы», Сағат Шагиров «Үздік ардагер спортшы», Адақ Шотпанов «Үздік спортшы-тілші» аталымына ие болды. «Үздік меценат» номинациясы бойынша қолдау білдіріп, демеушілік көрсетіп жүрген спорт жанашырлары Рамазан Камзаев, Уразбай Усмангалиев, Ильдар Ишгалиев, Мирболат Тасмағамбетов марапатталды.

Спорт бал (1)

«Үздік көкпаршы», «Үздік жаттықтырушы», «Үздік команда» сынды басқа да номинациялар лайықты иелеріне табысталды.

спорт бал7

Сондай-ақ, Мирболат Тасмағамбетов, Санат Кумашев, Төлеген Түймешов демеушілік етіп, республика көлемінде аудан атын шығарып жүрген жас спортшыларымыз Алдияр Саин, Архат Өтеген, Бекзат Сапарғалиға шапан жауып, ат мінгізді.

спорт бал8

Осылайша спорт саңлақтарының еңбектері еленіп, мерейлері үстем болды.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале