31.01.2020, 17:16
Оқылды: 38

Шыңғырлауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Өткен жыл «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы үшін табысты жыл болды.

serpin j

Түрлі партиялық жобалар аясында көптеген  жұмыс атқарылып, партия филиалының өкілдері ауыл-аймақтарды аралап, халықтың аз қамтылған топтарына қолұшын беру мақсатында акциялар да ұйымдастырды. Биылда партия филиалының жұмыс жоспарына сай басталды.

Алғашқы кезекте аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев, партия төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік бағдарламаларды орындауы  мен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары және аудандық білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері шығарылды.

 Айта кетелік, қоғамдық кеңес жұмысы алдағы уақытта партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жол картасына» сәйкес ұйымдастырылып, жемқорлықтың салдарымен емес, оларды туғызатын себептер мен жолдарды анықтауға баса назар аудармақ. Осылайша ел сеніміне сай қызмет ете беру партияға да, оның мүшелеріне де мәртебелі міндет болып қала беретіндігін партия төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова да жиында ашық айтты. Әрі ол Елбасының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын  жүзеге  асыру басым бағыттардың бірі екенін жеткізді. Сондай-ақ бағдарламаға сәйкес партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, партиядан лайықты емес мүшелерді шығару және биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыру жұмыстарына баса назар аударылды.

         Комиссия мүшелері талқыланған мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, жиын соңында қаулы қабылданды.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagr am и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале