29.10.2020, 17:16
Оқылды: 86

Шыңғырлауда тал-шіліктер отырғызылды

Бүгін Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан орталығында 800-ге жуық тал-шіліктер егілді.

1CF85CAE-FDD8-424C-9326-A9FBC0D20244

Шыңғырлау ауылына кіре беріске, астық қабылдау аумағы мен темір жол бекеті алаңы және А.Құнанбаев көше бойлары қарағаш, терек, қарақат, үйеңкі, ырғай, шаған (ясень) секілді ағаш түрлерімен толықты.

Ауылдық округ әкімінің орынбасары Ә.Қаражанов: «Аудан орталығында жоспарға сай тазалық жұмыстары, яғни сенбіліктермен қатар, абаттандыру жұмыстары да басталды. Ауа райы, ағаш егу талабы, т.б. ерекшеліктер ескеріле отырып, тал-шіліктер отырғызылады. Ең соңынан желтоқсан айында қарағай ағашын отырғызу жоспарымызда бар», - дейді.

0CAF65E4-4190-4054-B3CB-AB31A399D710

Иә, расымен, жылдан-жылға Шыңғырлау ауданы көркейіп келеді. Оған мекеме қызметкерлері мен тұрғындар үнемі өз үлестерін қосуда. Дегенмен әр адам жауапкершілік танытып, кіндік қаны тамған ауылымыздың әр ағашының жойылмауына атсалысса, нұр үстіне нұр болар еді. 

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале