24.09.2020, 10:14
Оқылды: 159

Шыңғырлауда «Заман әлдиі» қойылымы сахналанды

Халықтық «Шаңырақ» театры ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Заман әлдиі» атты спектаклін көрермен назарына ұсынды.

teatr1

«Біз Абай атамыздың тұңғиық философиясын халыққа жеткізу мақсатында жұмыстандық. Абайдың поэтикасын қайталанбас шығармалары арқылы жастардың көзқарасымен жеткізуге тырыстық. Жанры музыкалық-поэтикалық перформанс бағыты болды. Перформанс - жаңадан пайда болса да, халыққа қызықты әрі жаңашылдыққа толы жанр, сол себепті спектакльдің формасын осы бағытта бердік. Өзінің бір сөзінде Сократқа у ішкізген, Ионна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ, ебін тап та жөнге сал дегені бар. Біз міне, осы көп пен Абайдың арпалысын халыққа көрсетуге тырыстық», - дейді қойылымның бас режиссері Жалғасбек Мырзагереев.

teatr2

Спектакльге мәдениет үйінің қызметкерлерінен бөлек оқушылар, студенттер және жас мамандар қатысты.

Көрермендер жастардың актерлік шеберліктеріне тәнті болды.

Спектакль соңында жерлесіміз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театрының актері Төлеген Байғалиев сөз алып қойылымға өзінің жоғары бағасын берді.

teatr4

Осындай жылы лебіздерін аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев пен Бөрлі аудандық халықтық «Мұрагер» театрының режиссері Әсел Молдағалиева т.б.  білдіріп, халықтық «Шаңырақ» театрының режиссері Жалғасбек Мырзагереевке шығармашылық табыс тіледі.

Айбарша Лекерова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале