18.03.2022, 17:20
Оқылды: 106

Шыңғырлауда Жолдауды талқылау активі өтті

Күні кеше Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев халыққа «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын жолдаған болатын. Осы орайда, бүгін жолдауды талқылау мақсатында Шыңғырлау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында партия активі өтті.

15

Үлкен әрі аса маңызды саяси стратегиялық жоспарды айқындап, нақты бағыт-бағдары көрсетілген Жолдауды аудан белсенділері, депутаттар мен қоғамдық бірлестік төрағалары талқылап, жиын барысында өз ойларын ортаға салды.

Партия активінде алғашқы сөз партия ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Самиев Жолдауда Президенттің Парламент рөлін күшейтуді, халық үніне құлақ асатын мемлекет құру, сонымен қатар Конститцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіп, жаңа 20 заң қабылдау қажет деген тапсырмаларын айтып, бұл заман талабымен бірге жасалған оң қадам деген ойын білдірді. Осы бағытта аудандық мәслихат хатшысы С.Казиев те  Жолдау жолдарындағы басым бағыттарға кеңінен тоқталды.

17

Ал аудандық аналар кеңесінің төрайымы К.Абдуғазиева «Ұл тәрбиелей отырып халықты, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» дей келе, мемкелеттің мемлекет болып қалыптасуына рухы мықты, аманатқа адал ұрпақ қажет, ол үшін алдымызға қойған мақсатқа батыл қадам жасауымыз қажет, сондықтан бұл Жолдаудың маңызы зор деген ойымен бөлісті. «Березка» ұлттық орталығының жетекшісі Н.Габдрахманова жолдауда айтылған 10 бастамаларға жеке тоқталып өтті.

18

Жиын соңында «AMANAT» партиясы Шыңғырлау  аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова тиісті лауазымды тұлғаларға Жолдауды іске асыру мақсатында бірқатар  тапсырмалар берді.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале