30.12.2020, 9:17
Оқылды: 45

Шыңғырлаудағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

Аудан орталығының нақ ортасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Күннің суықтығына қарамастан өз өнімдерін сатылымға шығарғандардың тауарлары көз сүрінерліктей көп болды. Бұл күні жылқы мен қой, сиыр еттері қолжетімді бағамен сөрелерде тұрды.

133334423_857588345032273_3889203202454171833_n

Жәрмеңкеге біршама адам ауылдық округтерден келіп, қатысты. Мысалы, Ардақ аулының тұрғыны Бибігүл Қазыева үй жағдайында консервіленген тосап, шырындарын ала келіпті.

Сонымен қатар шыңғырлаулық тұрғындардың әкелген тауарының ішінде 8-9 келілік индюктың етіне көпшіліктің көңілі ауды. Ала жаздай құс өсіріп, бейнетін бір кісідей-ақ көрген Асылзат Доспаева бұл жолы үйрек-қаз етін сөреге жайғастырыпты.

Жәрмеңкенің шырайын келтірген мәдениет саласының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, соның ішінде үш ұлттық мәдени орталық мүшелері десек болады. «Марычка», «Березка» және «Ізге-ай» ән-жырларын төкті. Надежда Алиева ойындар ұйымдастырып, көрермендердің көңілдерін көтерді. Жәрмеңке алаңында спорттық ойындар да оздырылды. Үздіктер марапатталып, әр түрлі дәрежедегі дипломдар табысталды.

Әсем әуенге елтіген жұртшылық ортаға шығып, би биледі.

Аязды күні жәрмеңкеге келгендер ақ жаулықты әже Талшын Тажкенованың қолынан бауырсақ алып, ақтан ауыз тиді. Ал суықтан тоңған жандар ыстық шай ішіп, жылынуға мүмкіндік алды.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне тауарлар бұдан да көп шығарылмақ екен.

Айсұлу Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале