29.04.2026, 16:00
Оқылды: 11

Шыңғырлаудағы кездесу: тұрғындар көтерген мәселе көп

Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен «AMANAT» партиясының БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев бастаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, БҚО білім басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті, Жер қатынастары  басқармасы басшылары мен өкілдері келді. Лауазымды топ сапар барысында Ақбұлақ ауылдық округінің Мәдениет үйінде тұрғындармен жүздесті.

image-29-04-26-02-02

"Ауыл тынысы: пікір және ұсыныс” тақырыбындағы ауыл тұрғындарымен жүздесу жиынын жүргізген аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев келген жұмыс тобын тұрғындарға таныстырып өтіп, топ жетекшісі Азамат Сафималиевке сөз берді. Азамат Сафималиев аудандар мен ауылдардың даму қарқынын, халықтың әл- ауқатын, өзекті мәселелер мен ұсыныстар барысын қамти келген сапарда көпшіліктің ауылдар мен аймақтың игілігіне қажет ұсынытары мен жеке сауалдарын ортаға салуын өтінді. Елді-мекендер мен тұрғындарға ортақ өзекті мәселелерді тіркеп алып, партияның сайлауалды бағдарламасына салып, елдің аманатын үлкен жоспарға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатырғанын айтты.

image-29-04-26-02-02-1

Жиында жер мәселелері, мал тұтыну, оның тәртібі, медпункттер мен ветпункт мәселелері, «жедел жәрдем» қызметі туралы сауалдар қойылып, жауаптар берілді.

image-29-04-26-02-02-2

Жиыннан кейінгі қабылдауда көпшіліктің негізгі мәселелері жайылымдық және шабындық жер алу, қосалқы шаруашылық жерлерін рәсімдеу бағытында өрбіді.

 

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале