19.09.2023, 18:15
Оқылды: 32

Шыңғырлаудағы мешіт алдына автотұрақ салынды

Шыңғырлаудағы аудандық мешітке күн сайын бас сұғушылардың саны аз емес. Ауыл-аймақтан да ат арытып келіп жатқандар жетерлік.

5AF88419-CE22-4E2B-ACF8-DADB7F209E72

Арнайы келгендер темір тұлпарын қояр ыңғайлы жер таппай жататындары рас. Осыны байқап жүрген аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің бастамасымен, мешіт жамағатының көмегімен мешіттің алды тегістеліп, автотұрақ салынды.

Қазіргі кезде ауданда жол салу жұмысымен айналысып жатқан «Ануш құрылыс» ЖСШ-де көмекке келді. Ауыл жұртшылығының игі істерінен хабардар болған соң серіктестік жұмысшылары техникаларымен қарайласып, мешіт алдына асфальттан жабынды төсеп, жарқыратып берді.

«Халыққа қолайлы болсын деп осы мәселеге үлкен мән бере қараған аудан басшысына, ауыл тұрғындарына, мердігер серіктестік басшыларына шын көңілден шыққан алғысымыз шексіз. Жауын-шашында келген жұртшылыққа енді ыңғайлы, әрі мешіт іші де таза болып тұрмақ», - дейді разы көңілмен аудандық мешіттің имамы Әділхан Наурызбай. 

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале