Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында асық атудан «Алтын сақа» республикалық турнирі өткен болатын.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы мен ҚР Асық ату федерациясы бірігіп өткізген додаға еліміздің 17 өңірінен асықшылар қатысты.
Осы турнирде Шыңғырлау ауданының намысын қорғаған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Әлихан Ыбырай жеңіске жетіп, жерлестерін қуантты. Ол өзінің үйреніп, білгендерінің, тынымсыз жаттығуларының нәтижесін көрсете білді.
Бұл жеңіс – жас асықшының жаттықтырушысы Мейірман Медалиевтің де адал еңбегінің жемісі.
Гүлжазира Қаршығақызы
Шыңғырлау ауданы