4.06.2021, 16:16
Оқылды: 74

Шыңғырлаулық Гүлім жүлдегер атанды

Жуырда Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Ана тілім – арым» атты облыстық байқау өтті. Аталмыш шараға қалалық әкімшілік бөлімдері мен сот құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысып, мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша сайысқа түсті. 

777,

Сайыскерлер бірінші кезеңде өздерін таныстырған бейнероликті көпшілік назарына ұсынса, екінші кезеңде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына қатысты сұрақтарға жауап берді. Байқаудың келесі кезеңінде құжаттарды ресми тілден мемлекеттік тілге аударып, екі тілде құжат жүргізу шеберліктерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша әр кезеңнен сүрінбей өткен әрі үздік деп танылған жерлесіміз, Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы Гүлім Болатжанова І орынды иеленді. Бойында ақындық қасиеті бар Гүлім Ғалымқызы байқау барысында өз ойын мемлекеттік тілде қара сөзбен де, өлеңмен де шебер жеткізе біліп, өзін барлық қырынан жақсы көрсете білді.

 

А.Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале