22.02.2024, 15:00
Оқылды: 9

Шыңғырлаулық кітапханашылар ұлттық киім киіп жүр

Шыңғырлау ауданық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы жұмысқа қазақтың ұлттық киімдерін киіп келіп жүр.

WhatsApp Image 2024-02-21 at 12.03.12 (1)

Бұл көрініс көрген адамға керемет әсер қалдырады. Рухани байлық, асыл мұраның ошағы, кітапхана қызметкерлерінің қазақы стильде киініп жүргені оқырманды тәнті етіп, өзге мекеме ұжымдарына үлгі болды.

WhatsApp Image 2024-02-21 at 12.03.11

Ұлттық мерекеміз «әз Наурызға» ертерек қамданып, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап жүрген ұжымға сүйсіне қарадық.

- Әр елдің ұлттық құндылығы өзіне қымбат. «Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі» деген сөз бар. Әлемде әр түрлі халық пен мәдениет бар. Бір ұлтты  басқа ұлттан өзгешелеп тұратын басты дүниенің бірі - ұлтық киімі. Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың бет-бейнесі. Осы байлығымызды дәріптеу - біздің парызымыз. Қазақтың ұл-қыздары ұлттық киімімен ерекшеленіп, ата-баба салт-дәстүрін әрі карай жалғастыра берсін демекпіз! - дейді кітапхана директоры Гүлмира Макарқызы.

WhatsApp Image 2024-02-21 at 12.03.10

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2024-02-21 at 12.03.11 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале