16.05.2025, 11:30
Оқылды: 258

Шыңғырлаулық қобызшы Қалила Қадралиеваның өнер кеші өтті

Шыңғырлау ауданында ұлттық өнерге, әсіресе қобыз өнеріне ерекше үлес қосып жүрген Қалила Қадралиеваның шығармашылық кеші өтті.

497853475_1999066503957179_3281614627958945818_n

Қазақтың киелі аспабы – қобыздың сырлы үні мен шебер орындаушылықты тоғыстырған бұл кеш – аудан мәдениеті үшін айтулы рухани оқиға болды. Кеш барысында Қалила Сағынқызының өнер жолы, ұстаздық еңбегі және ұлттық өнерді дәріптеудегі сіңірген еңбегі жоғары бағаланды. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің атынан алғыс хат табысталып, естелік сыйлықтар тарту етілді.

Концерт алдында жас ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Өнер кешіне Орал қаласынан арнайы келген өнертанушы, республикалық Күйшілер Одағының төрағасы Асқар Кенжеғалиев бастаған бір топ өнерпаздар.

Изображение WhatsApp 2025-05-15 в 15.51.47_94a02ead

Атап айтсақ күйші қобызшы, Ықылас Дүкенұлының мұрагер, өнертану кандидаты, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ аспаптар оркестрінің артисі Ақнар Тәттібайқызы, түркі әлемінің бренді, түркі халықтарының өнер елшісі, Тұран этнофольклорлық ансамбльінің жас мүшесі, мультиаспапшы Аслан Ғұмаров, Ықылас Дүкенұлы төсбелгісінің иесі, қылқобызшы Мерген Хасанов өнерлерімен шығармашылық кештің шырайын келтірді.

Мультиаспапшы Аслан Ғұмаров пен қыл қобызшы, өнертанушы Ақнар Тәттібайқызы ауданымыздың балалар саз мектебі оқушылары мен домбыра үйірмесіне қатысушыларға арнап шеберлік сағаттарын өткізді. Бұл кездесулер жас өнерпаздарға үлкен шабыт беріп, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттырғанында сөз жоқ.

Изображение WhatsApp 2025-05-15 в 15.52.40_e7d18569

Кеш соңында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімов өнер иесін қолдап келген барша қонақтарға, шеберлік сағатына атсалысқан мамандарға, өнер сүйер қауымға алғысын білдірді.

 

                                                                                                                        Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале