8.04.2020, 18:04
Оқылды: 70

Шыңғырлаулық қос азамат ауылдастарына қолдау білдірді

Ел ішінде коронавирус жұқпасы өршіп тұрған кезде жерлестеріміздің жанашырлық танытып жатқаны қуантады. Әсіресе олардың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қамын ойлап, көмек беруі баршаға үлгі.

0AACB7A9-F0B9-4170-B529-6FF5D4BD05BA

Солардың қатарында Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округінің тумасы «Бачерова» ШҚ-ның басшысы Мұхаммеджан Естемиров пен Ащысай ауылдық округінің «Қадиша» ШҚ-ның басшысы Орынбасар Кушев та бар. Мұхаммеджан өз есебінен бір жылқы сойып, аудан орталығындағы әлеуметтік жағдайы төмен 12 отбасына үлестірсе, Орынбасар да 200 мың теңге көлеміндегі қаражатқа Ащысай ауылының жалғызбасты қарияларына, көпбалалы мұқтаж 10 отбасына азық-түлікпен қолдау көрсетті.

3F325FEC-16D4-4C9D-B4F8-6C2F8C921E38

Көмекке ие болған жандар алғыстарын ақтарыла жеткізді. Жалғызбасты зейнеткер: «Ең алдымен Үкіметке, кейін осы қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, қол ұшын созып отырған балаларыма  рахмет»,- деп ризашылығын білдіріп,  ақ батасын берді.   

Жалпы М.Естемиров те, ащысайлық О.Кушев та ауылдастарына үнемі жомарттық танытқанымен, оны жария қылуды ұнатпайтын жандар. Алайда адамдардың нағыз адамгершілігі сыналатын уақытта осындай азаматтарымыздың қатары көбейіп келе жатқанына шын қуанып, үнсіз қала алмадық.   

Аман Ізмұхан

 Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале