20.12.2020, 14:44
Оқылды: 96

Шыңғырлаулық қос өрен "Мың балада" жеңімпаз атанды ⠀

Жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беретін "Мың бала" олимпиадасынан қос бірдей шыңғырлаулық оқушы жеңімпаз атанып, компьютер ұтып алды.

,

Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасауды мақсат тұтқан олимпиадаға қатысушылар еліміздің елді мекендерінде білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары қатысты. ⠀

Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған. ⠀

І кезеңнен сүрінбей өтіп, ІІ кезеңде де өздерінің озық ойларын дәлелдей білген Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әлихан Мәди мен Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Іңкәр Жанғожа дарынды мың баланың қатарынан табылып, арнайы дипломмен және "Нұрсұлтан Назарбаев" қорының атынан ноутбукке ие болды.

Шыңғырлаулық шәкірттерімізге аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова зор құрмет көрсетіп, республика бойынша үздік мың баланың қатарынан табылған өрендерді марапаттады.

Самат Байболат,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале