15.04.2024, 21:00
Оқылды: 44

Шыңғырлаулық «Күміс алқа» иегері марапатталды

Қазақ халқы бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген, отбасының ұйытқысы, берекесі – асыл аналарымызға аса құрметпен қарайды. Мемлекетіміз ел демографиясының көтерілуіне өздерінің елеулі үлестерін қосып, айбынды ұрпақ тәрбиелеп отырған көпбалалы аналарды әркез мадақтап, мәртебелерін көтеріп отырады.

437054732_1848846418860451_2521560190336213612_n

Шыңғырлау ауданында алты баланың аяулы анасы Нұрсәуле Кусашева «Күміс алқа» иегері атанды. Марапатты табыстаған аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев марапатты табыстай отырып, батыр ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Бес ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ана айналасына сыйлы жан.

Тәрбие бастауы – отбасы дегендей, осындай құт-береке орнаған шаңырақтан өнегелі ұрпақ өсіп шығарына сеніміміз мол.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале