Көкшетау қаласында ағымдағы жылдың 10-16 шілде аралығында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында өткен республикалық спартакиадада Батыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық І орынды жеңіп алды.

Осы айтулы жетістікке орай Шыңғырлау аудандық «Дән» мәдениет үйінде бөлім басшысы Олжас Сейтімов жарысқа қатысқан аудан спортшыларымен кездесті. Республикалық додада облыс намысын қорғаған Әсемгүл Шурманова, Ерлан Сағындықов, Ернар Жүсіпов және Берік Бадьяков жоғары дайындық көрсетіп, команданың жеңісіне үлес қосты.
Кездесу барысында спортшыларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шара барысында аудандық дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің директоры Жұбаныш Түймешов бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижесін атап өтті. Өз кезегінде спортшылар ұйымдастырылған қабылдау үшін ризашылықтарын білдіріп, бұл жарыс өздері үшін үлкен тәжірибе мектебі болғанын жеткізді.
Сара Әділ,
Шыңғырлау ауданы