2.03.2021, 16:41
Оқылды: 120

Шыңғырлаулық өрен жүлдегер атанды

Жуырда ғана өткен облыстық «Туған жер кереметі» атты іздестіру-зерттеу сырттай байқауына «Жаңа заман батырлары» аталымы бойынша қатысқан Шыңғырлау аудандық туризм және экология орталығының өлкетану үйірмесінің оқушысы Нұрымжан Сейітқазиев ІІ орын иегері атанып қайтты.

шың

Байқауға  Нұрымжан бейнеролик дайындап, ұсынған болатын. Жалпы байқаудың мақсаты мен міндеті – балаларды азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған өлкенің тарихи, мәдени мұрасы, кіші Отанын зерттеуге тарту.

Нұрымжан бейнероликті туған өлкесінің батырларын, атақты тұлғаларды тану және оларды құрметтеу мақсатында дайындады. Бейнероликте қатысушының өз ауданында танымал, беделді тұлғаның өмір жолы, шығармашылығы туралы ұсынылуы шарт болды.  «Жаңа заман батыры» ретінде әлем чемпионы, сонымен қатар республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпазы Қайсар Құсайынов таңдалды.

Бейнероликте Қайсар Сайнұлының өмірбаяны, жеткен жетістіктері, шәкірттерінің иеленген орындары мен жанұясы туралы көрсетілген.

Туризм ұжымы байқауға қатысу барысында белсенділік көрсетіп, бірлесе жұмыс істеген Қайсар Сайнұлына да ризашылық білдіреді.

Р.Қажғалиева,

туризм және экология орталығының                                                                                                                                     қосымша білім беру педагогы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале