4.05.2021, 14:47
Оқылды: 128

Шыңғырлаулық өрендер «Балдәуренде» жүлделі орын алды

Әр жыл сайын талантты жастарды іздеп, олардың өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

IMG_3441

Еліміздегі карантиндік ахуалға байланысты фестиваль онлайн форматта өткізілген болатын. Атаулы додаға ауданымыздан бірнеше жас өрен қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсақ, "Домбырамен ән салу, жыр айту" жанры бойынша Назымбек Сатпанов (жетекшісі А.Сатпанов) ІІІ орынға, "Поэзия" жанры бойынша Ислам Серік (жетекшісі Б.Аубакирова) ІІІ орынға, "Эстрадалық вокал (соло, дуэт)" жанры бойынша Айгерім Шалқарбаева, Зинира Амангелді (жетекшісі Ә.Мұхамбетші) ІІІ орынға ие болды.

11

Ал “Халықтық музыка (домбыра)” жанры бойынша Алина Аюпова (жетекшісі Г.Өміралиева) белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

 

А.Байғалиева,

Шыңғырлау аудандық

 мәдениет үйінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале