13.09.2026, 19:30
Оқылды: 2

Шыңғырлаулық сәйгүлік «Жайық жүйрігі – 2026» ашық чемпионатында топ жарды

Орал қаласының күніне орай ұлттық спортты ұлықтаған «Жайық жүйрігі – 2026» Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.

IMG-20260913-WA0436

Тартысты бәсекеге толы жарыстың топ бәйге түрінде Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округінен келген жүйрік оза шапты.

​Иесі — Бисембай Жанатаров, баптаушысы — Мәулен Мұқыжанов және тізгіндеген шабандоз Тәжі Шәкәрім болған «Барыс қасқа» атты тұлпар барлық қарсыласын артта қалдырып, бірінші болып мәре сызығын кесті.

Бұл жеңіс Қарағаш ауылы мен барша шыңғырлаулықтардың мерейін асырып, ұлттық ат спортына деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.

С. Тыныс, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале