7.11.2018, 16:57
Оқылды: 49

Шыңғырлаулық шаруалар қысқыға дайын

Шыңғырлау ауданындағы 8 ауылдық округ бойынша 40 қыстақ тіркелген. Шаруа жандар малдың жем-шөбін дайындап, мал қораларын жөндеп қысқа әзір.

images

         Нақтылай айтсақ, жыл сайын өсім беріп отырған малдың, соның ішінде ірі қараның саны биыл – 30 208 , қой ешкі – 42 936, жылқы – 6 338, ал түйенің саны - 58.

         – Мал басын көбейтіп, оны асылдандыруда біздің шаруа қожалықтардың іс-тәжірибесі мол. Оның үстіне Үкімет тарапынан беріліп отырған түрлі көмек, қолдаулар мал шаруашылығының одан әрі дамуына сеп болуда. Бүгінгі таңда әр қожалық өздерін техникамен қамтамасыз етуге, материалдық базасын жақсартуға мол мүмкіндік алып отыр. Жыл сайын мал көбейіп, одан өндірілетін еттің сапасы да артуда. Сүттен алынатын өнім де сатылымға шығарылуда. Шаруалар жаз бойы малдың азығын жиып алды. Шөптің жоспары 65 100 тонна болса, ол 100 пайызға орындалды. Мал қыстағына үнемі сақадай сай әзірлікпен келетін «Жарас», «Ақтау» шаруа қожалықтарын ерекше атауға болады. Ақбұлақтың шаруалары, Алмаз ауылынан Д.Ульяров, Қайыңды ауылынан Е.Махметовтың, Т.Аманшиевтің, Ақшаттан Ж.Байкатовтың шаруа қожалығы бұл науқанды еш қиындықсыз өткізуге мүмкіндіктері бар. Өзге де шаруа жандар қолдағы бар малының жағдайын жасауда, - дейді аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Азамат Бисенбаев.

Айсұлу АРЫСТАНОВА,

Шыңғырлау ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале