19.11.2019, 17:31
Оқылды: 76

Шыңғырлаулық спортшылар қайырымдылық жасады

 Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірбандылық жүректен, қайырымдылық білектен» атты волейболдан мекемелер және ауылдық округтер арасында аудандық турнир өтті.

shingyrlau sport (1)

Турнирдің ашылуында аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Волейбол бәсекесіне келген командалар ойнап қана қоймай, өздері жинаған ақшалай қаражатты қайырымдылық қорына табыс етті.

Жарысқа 10 команда қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Комтехсервис», ІІ орынды «Алмаз жастары», ІІІ орынды «БЖСМ» командалары иеленді.

shingyrlau sport (2)

Ойын барысында Саматов Әлихан «Үздік ойыншы», Құрманғалиев Серікқали «Үздік қорғаушы», Ермекбаев Мұрат «Үздік байланыстырушы», Бұлғанбаев Сахыпкерей «Үздік шабуылшы» амалымдарымен марапатталды.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале