16.05.2025, 12:45
Оқылды: 165

Шыңғырлаулық тыл ардагерлеріне тарту

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 80 жыл толды. Ел басына күн туғанда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен  тылдағы 5 жасар баладан еңкейген кәріге дейін майдандағы сарбаздарды азық-түлік, керек-жарақпен уақытылы қамтамасыз ету үшін дамыл таппай  жанқиярлықпен еңбек етті.

Изображение WhatsApp 2025-05-06 в 11.16.18_02ec57ac

Кейін бейбітшілік орнаған соң да жастық  жалынын  еліміздің өркендеуіне арнаған аға өкілінің алды бүгінде 90 жастан асып барады. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан көненің көзі, ақылдың кені саналатын қарияларымызды  құрметтеуде көптеген игі істер атқарылып келеді. Аталмыш мереке қарсаңында  Шыңғырлау ауылдық округі бойынша 2 тыл ардагеріне  телебағдарламаларды қарауға мүмкіндік беретін «Отау ТВ» сыйланса, 10 тыл ардагеріне  әдемі орындықтар  тарту етілді.

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші өнегелі өмірімен  ұрпаққа үлгі болар қарияларымыз өздеріне  арналған сый-сияпатқа ризашылықтарын білдіріп, «еліміз тыныш, халқымыз аман болсын», - деген ақжарма тілектерін арнап, ақ батасын берді.

                                                                                              Нұрбек Таужанов,

Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале