3.07.2021, 14:47
Оқылды: 99

Шыңғырлаулық жас геологтар жүлделі орын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында оқушылар арасында VI облыстық жас геологтардың слеті 23-25  маусым күндері аралығында қашықтықтан өтті.  ZOOM бағдарламасы арқылы Google Docs платформаларында өткізілген слеттің мақсаты – оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау, сондай-ақ қазақстандық геологиялық ғылым мен практиканың үздік дәстүрлерін сақтау және көбейту, геологиялық өлкетануды дамыту.

жас геолог

Сонымен қатар, оқушылардың геология, табиғатты қорғау қызметі, туристік дайындық негіздері бойынша практикалық дағдыларының деңгейі мен сапасын тексеру секілді міндеттер де жүктелді.

Слет үш кезеңнен тұрды. І кезең бойынша «Геологиялық экспедиция бойынша есеп» және сынамалар тапсырылды. ІІ кезеңде «Минералогия, палеонтология және жалпы геология» бойынша электронды түрде геология бойынша 30 тест сұрағы шешілді. Ал соңғы «Геологиялық ескерткіш» деп аталған кезеңде оқушылардың кез келген геологиялық ескерткіш туралы бейнероликтері сарапқа салынды.

Слетке облыстың барлық ауданынан және қаладан 14-16 жас аралығындағы 3 адамнан тұратын 14 команда қатысты. Шыңғырлау ауданы туризм және экология орталығының команда құрамында болған Аида Капизова, Мерей Ойратова мен Айым Жанбырова әр кезең бойынша өз жұмыстарын абыроймен қорғап, білім-біліктіліктерін көрсете білді. Шара нәтижесінде шыңғырлаулық өрендер жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жас геологтар Шыңғырлау ауданының Ақкөл тұзды суын зерттеу нысаны ретінде алған болатын.

 

Р.Қажғалиева,

туризм және экология орталығының

 қосымша білім беру педагогы

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале