25.04.2026, 12:00
Оқылды: 4

Шыңғырлаулық жасөспірімдер үздік нәтижелерге қол жеткізді

22–24 сәуір күндері Казталов ауданында еркін күрестен 2015–2016 және 2017–2018 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында ашық аудан біріншілігі өтті. Бұл додада «Жас Мұқан» күрес үйірмесінің шәкірттері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

image-24-04-26-05-14

Аталған жарыста 35 келі салмақ дәрежесінде Казиев Ернар І орынды иеленіп, қарсыластарына дес бермеді. 33 келіде Бисекеев Махамбет те чемпион атанып, өз шеберлігін дәлелдеді. Сонымен қатар, Абзал Әмір (33 кг), Амандиков Саят (29 кг) және Ғалымжан Дарын (21 кг) жүлделі ІІІ орындарды иеленіп, үйірме қоржынына медаль салды.

Бұл жетістіктер жас спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жүйелі жаттығудың нәтижесі. Сонымен қатар, шәкірттерін жеңіске жетелеген жаттықтырушы Ерболов Алтынбек Қиялбекұлының еңбегі зор. Оның кәсіби біліктілігі мен әр баланың қабілетін аша білуі жеңістің басты кепілі.

«Жас Мұқан» күрес үйірмесі аудан жастарын спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарып келеді. Үйірме жұмысы жасөспірімдердің тек физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да дамуына ықпал етеді. Тәртіп, табандылық, жеңіске деген жігер мұның барлығы осы спорт арқылы қалыптасады.

image-24-04-26-05-13

Мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Самат Байболаттың айтуынша, мұндай нәтижелер еңбекқорлықтың,жауапкершіліктің жемісі. Жас спортшыларға барлық қажетті жағдай жасалып, олардың қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта да үйірме шәкірттері бұдан да биік белестерді бағындырады деген сенім мол.

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале