19.08.2022, 16:15
Оқылды: 79

Шынықсаң шымыр боларсың

Теректі ауылының орталық алаңында спорт күніне орай шара өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме мен бөлім басшылары, ауданның құрметті азаматтары және аудан тұрғындары қатысты.

9

Жалпы, қазақстандықтар тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт күнін атап өтеді. Орталық алаңдағы шарада аудан әкімі Тілек Александрұлы сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын ұстанып, аудан намысын түрлі додаларда қорғап жүрген бірқатар теректіліктерді марапаттады. БҚО әкімінің және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғысхатын Қаламқас Сұлтанова еншілесе, «Теректінің Мессиі» атанып кеткен Азамат Ибатов өңір басшысының алғысына бөленді.

10
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатын алғандардың қатарында Өтеген Мүбарак, Жеміс Мұқанова және Тлеп Ниетқалиев бар. Аудан басшысының алғысхатымен ардагер спортшы Білікбай Қазиханов, талай шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаз Ерғали Мырзағалиев және жастар өкілдері Аслан Бекенов пен Еламан Зайдоллаев марапатталды.

11
Салтанатты шарадан соң теректіліктер аудандық БЖСМ жаттықтырушысы Саят Кулмұқановқа ілесіп жаппай физикалық жаттығулар жасап, дене қыздырып алды. Одан кейін орталық алаң мен аудандық мәдениет үйінде әртүрлі спорт түрлерінен жарыс үйымдастырылды. Спорт күніне арналған шараны аудандық мәдени-демалыс орталығы өнерпаздары әсем әнмен көркемдеді.

Әділет Әлібекұлы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале