3.07.2021, 14:36
Оқылды: 70

Шырайлы Шыңғырлауда фестиваль өтті

Шыңғырлауда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан КТК Одағы»  БҚО филиалының, «ҚазИИТУ» ғылыми білім кешенінің ұйымдастыруымен «Мен ауылдың баласы» атты КТК фестивалі өтті.

Ш

«КТК» сайыстарын жандандыру мақсатында бастау алған жоба барлық аудандар бойынша өткізіліп келеді. Жоба ұйымдастырушылары 26-27  маусым күндері ат басын Шыңғырлау ауданына тіреді.

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жоба жетекшілерін қабылдап, сәттілік тіледі.

Аудан әкімдігінен шыққан қонақтар аудандық тарихи-өлкетану мұражайында қонақта болып, аудан тарихымен танысты.

Арнайы келген қонақтар жастармен кездесіп, шеберлік сыныбы мен тәжірибе алмасу семинарын да өткізіп үлгерді.

Кездесу барысында «Назар аудар» командасының мүшесі әрі жоба жетекшісі Самат Қабдиев, республикалық «Жайдарман» жоғары және премьер лига ойындарының редактор-авторы, ардагер жайдарманшы Қасиет Кәрім,  «ҚазИИТУ» білім кешенінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Закир Хамзин жобаның мақсатын түсіндіріп өтті.

Алғашқы күн спорттық орталық алаңда кешкі футбол ойынымен қорытындыланды.

Ауыл жастары арасында талантты ұл-қыздарды танытып, талабын ұштауды көздейтін іс-шараға Шыңғырлау ауданының әкімдігі және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қолдау көрсетті.

Сахнада түрлі мекеме мен еркін құрамадан жиналған 4 команда өнер көрсетті. Додаға аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы, «ҚазИИТУ» ҒБК-нің проректоры Закир Хамзин, «Жайдарман» республикалық жоғары лига сайыстарының редакторы Қасиет Кәрім, Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты Гүлім Құрманбаева, «ҚазИИТУ» ақпараттық орталығының директоры, режиссер Сергей Офицеров қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша аудан жастарынан құралған "Айналайын" командасы ІІІ орынды иеленсе, көрермен ықыласына бөленген еркін құрама "Чикаго" командасы ІІ орынды қанжығасына байлады. Өздерінің сапалы да ұтымды әзілдерімен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлерінен құралған «Әріптестер» командасы жүлделі І орынға ие болып, шараның облыстық деңгейіне жолдама алды.

Сахна шеберлігі, ойнау ерекшелігімен көзге түскен Саркенжиев Азат «Үздік ойыншы» аталымын иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлер алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Кеш соңында келген қонақтарға аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы аудан әкімі атынан алғыс хат пен аудан тарихынан сыр шертетін құнды кітапты сыйға тартты.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале